Тұман, бұрқасын, көктайғақ: Бүгін ауа райы қандай болады?

18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Тұман, бұрқасын, көктайғақ: Бүгін ауа райы қандай болады?
istockphoto.com
262

«Қазгидромет» 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ел аумағында қар мен жаңбыр жаууына ықпал етеді. Солтүстік – батыс, солтүстік, орталық аймақтарда – қар жауып, елдің шығысында, оңтүстігінде нөсер жауын болады.

Республика бойынша жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, тұман және көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары