Қазақстан футбол құрамасының белді ойыншысы Бауыржан Исламхан ажалдан аман қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл оқиға жайында бөліссем бе, жоқ па деп ұзақ ойландым. Көп адамдар қайда кеткенімді сұрады... Желтоқсанның 15-інен 16-сына қараған түні біздің отбасымыз көлік апатына ұшырап, ғажайып жағдайда аман қалды», - деп жазды футболшының жұбайы Еркежан Талғатбекова әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ жазба авторы бас ми жарақаты бойынша ауруханада жатқанын да атап өткен.