Қор биржасында доллар бағасы өсті

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 529,65 теңге.

Қор биржасында доллар бағасы өсті
istockphoto.com
Автор
Админ
216

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағасы 530,12 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 529,65 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 533,04 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 533,2 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 13 қаңтарда доллар бағасы 1,64 теңгеге, 14 қаңтарда 1,53 теңгеге көтерілген болатын. Ал 15 қаңтарда 0,5 теңгеге, 16 қаңтарда 0,09 теңгеге түскен еді.

Серіктес жаңалықтары