Атырау облысында жантүршігерлік апаттан екі адам көз жұмды

Апат Доссор – Құлсары – Бейнеу трассасында болған.

Атырау облысында жантүршігерлік апаттан екі адам көз жұмды
Ғаламтор
Автор
Админ
195

Атырау облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша көз жұмған жүргізушіге жол полициясы қызметкерлері апат болардан бір сағат бұрын тайғақ жолда абайлап жүру керектігін ескерткен.

Жол-көлік апаты 15 қаңтар күні Доссор – Құлсары – Бейнеу трассасының 53-ші шақырымында болған. Қоғамдық көлік Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Құрметті жүргізушілер! Жол тайғақ, қауіпті. Сол себепті жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», - делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары