270
Астанада баласын вокзалға тастап кеткен әйел табылды
Бала Астана қаласы әкімдігінің Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша Астана станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын психиатриялық диспансерде есепте тұрған, станцияда қалдырылған баланың анасын анықтап, полицияға жеткізді.
Бала Астана қаласы әкімдігінің Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді.
Қазіргі уақытта жас балаға қауіп төндіру фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін 5 қаңтарда ескі вокзалда 3-4 жастағы баланы тастап кеткен әйел іздестіріліп жатқаны туралы жазған болатынбыз.