Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ол бұған дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
gov.kz
Автор
Админ
109

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Ақмола облысы әкімінің бұйрығымен Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Досұлан Ерланұлы Айтбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану магистрі. Мемлекеттік қызметте 17 жылдық еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған.

Қостанай облысы әкімі аппараты мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.

Серіктес жаңалықтары