4 миллионға жуық азамат скринингтен тегін өтеді – Асхат Аймағамбетов

Қазір елімізде қатерлі ісікке шалдыққандар саны 200 мыңнан асқан.

4 миллионға жуық азамат скринингтен тегін өтеді – Асхат Аймағамбетов
Автор
Админ
219

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Астана» телеарнасының SHYNDYK LIVE бағдарламасына сұхбат беріп, Денсаулық туралы кодекске енгізіліп жатқан маңызды түзету жайлы айтты.

Енді МӘМС арқылы қамтылмаған 4 миллионға жуық қазақстандық онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға арналған тегін скринингтен өте алады. Бұл қатерлі ісік соңғы сатыларында анықталатын мыңдаған адам үшін маңызды. Сонымен қатар депутат Үкіметтің денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражатты қысқартуды жоспарлағанын жеткізді.

Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге жұмсалатын қаражатты – 20 млрд теңгеге, онкогематологияға кететін қаражатты – 5 млрд теңгеге, гемодиализге жұмсалатын қаражатты – 7 млрд теңгеге, хосписке (паллативті көмек) кететін қаражатты – 4 млрд теңгеден астам сомаға қысқарту жоспарланған.

Депутаттар мыңдаған қазақстандықтың құқығын қорғап, бұл қаражаттың бюджетте сақталуын талап еткен.

Мәжілісменнің айтуынша елімізде онкологиялық ауруға шалдыққандар саны жыл сайын 5-7%-ға өседі. Қазір олардың саны 200 мыңнан асып отыр. Қатерлі ісік «жасарып келеді». Ал сәулелік терапия 40%-дан аз қамтып отыр. Сәулелік терапияның қажеттті минималды мөлшері 70%-ды құрайды.

Серіктес жаңалықтары