Жазушы Мұхтар Мағауин шетелде жерленетін болды

Жерлеу рәсімі 11 қаңтар күні сағат 11:00-де Parklawn Memorial зиратында өтеді.

Жазушы Мұхтар Мағауин шетелде жерленетін болды
instagram
1590

Бүгін өмірден өткен Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің жерлеу рәсімі 11 қаңтар күні АҚШ-та өтпек, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Бұл туралы Тимур Бектұр Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Әгәрәки, АҚШ-та жүргендер болса, рәсімдері осындай: Қаңтардың 9-ы, бейсенбі ақшамда дүние салған Мұхтар Мағауиннің жаназасы ертең, 11 қаңтар күні сағат 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде (9610 Good Luck Rd, Lanham, MD 20706) оқылады. Қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында (12800 Veirs Mill Rd, Rockville, MD 20853) өтеді. Қайғырып көңіл айтамыз. Қайырлы болсын дейміз», - деп жазды ол.

Айта кетейік, әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында дүниеден озды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

Мұхтар Мағауин – белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі әрі тарихшы. 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Түркияның Халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері, Улан-батордағы Халықаралық Шыңғыс хан Академиясының құрметті академигі.

Серіктес жаңалықтары