Семейде оқушысын басынан ұрған офицер сөгіспен құтылып кеткен

Әлеуметтік желіде "Жас ұлан" мектебінде түсірілген видеоның ескі екені анықталды.

Семейде оқушысын басынан ұрған офицер сөгіспен құтылып кеткен
Ашық дереккөзден алынған
317

Семейде 8-сынып оқушысын басынан ұрған офицер-тәрбиеші сөгіспен құтылып кетті, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде 2022 жылдың қараша айында түсірілген видео анықталған. 

“Видеода офицер-тәрбиеші А.К.С студент Р.Д.Т-ға қарсы күш қолданғаны анық көрсетілген. Тәрбиеші педагогикалық әдеп кеңесіне шақырылып, оған сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды”, – деп хабарлады Абай аудандық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқушының денсаулығына ешқандай зиян келтірмегенін және медициналық көмекке жүгінбегенін, ал оқушының ата-анасы мұғалімге ешқандай шағым жазбаған.

Серіктес жаңалықтары