Еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жол қозғалысын қайта ашу 8 қаңтарда сағат 7:00-де жоспарланып отыр

Еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
istockphoto.com
288

Ұлытау және Қостанай облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты “Жезқазған – Петропавлск” автожолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлады “ҚазАвтоЖол” компаниясы.

Хабарламаға сәйкес, 2025 жылғы 7 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап:

  • Ұлытау облысында автожолдың 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
  • Қостанай облысында 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылады.

Жол қозғалысын қайта ашу 2025 жылғы 8 қаңтарда сағат 7:00-де жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары