224
Балқаш көлінде көлік мұз астына түсіп кетті (ВИДЕО)
ТЖМ қыста мұз үстіне шығу өте қауіпті екенін ескертеді.
4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні Ақтоғай ауданы Балқаш көлінде Гүлшат пен Тасарал ауылдарының арасында қайғылы оқиға болды. Мал іздеу барысында үш ер адам көлікпен мұз астына түсіп кетті.
Екі адам өздігінен шығып, аман қалды. Үшінші азаматтың денесін құтқарушылар іздеді. Бүгін таңертең су астынан 1988 жылы туған ер адамның денесі шығарылды.
ТЖМ қыста мұз үстіне шығу өте қауіпті екенін ескертеді.
Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
- Мұздың қалыңдығын тексеріңіз: бір адам үшін қауіпсіз мұз қалыңдығы — кемінде 10 см, ал көлік үшін — 30 см.
- Қараңғы және жарықтар бар мұз учаскелерінен аулақ болыңыз: мұндай жерлер сенімсіз.
- Қараңғы уақытта немесе көрінбеу жағдайында мұзға шықпаңыз.
- Мұзды шамадан тыс жүктемеңіз: үлкен топтар немесе техника оны сындыруы мүмкін.
- Қайда бара жатқаныңызды жақындарыңызға ескертіңіз және әрдайым құтқару құралдарын (арқан, таяқ және т.б.) өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Есіңізде болсын: сіздің қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда! Біз үшін әрбір адамның өмірі маңызды!