Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен «ҚазАвтоЖол» мамандары жұмыс істеп жатыр. Мамандар жол ашу үшін жол ортасындағы жолды бөліп тұрған темір қоршауларды алып тастап жатыр.
2025 жылғы 3 қаңтарда сағат 17.30 - дағы жағдай бойынша Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды.
Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 71 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Олар жылыту пунктіне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тағы 11 адам құтқарылды, оның 10-ы Макинск аудандық ауруханасына жатқызылды.
Ақмола облысында Макинск қ., Қоғам, Жаңаталап, Алтынды ауылдарында жылыту пункттері жұмысын жалғастыруда.