1161
Сәби сүйе алмай жүрген танымал блогер ота жасатты
Отадан кейінгі видеосын жариялаған блогер алға қойған мақсатына жету үшін ұзақ уақыт бойы күресіп келе жатқанын айтты
Белгілі блогер Елдос Қадырханов сәби сүю жолында ауыр ота жасатып, өзінің жағдайы туралы желіде бөлісті.
Отадан кейінгі видеосын жариялаған блогер алға қойған мақсатына жету үшін ұзақ уақыт бойы күресіп келе жатқанын айтты.
Аллаға шүкір, ең қиын операциядан, ең ауыр сәттен өттік! Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерлерден «өкінішке орай» деген жауап естідік. Бірақ Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз. Тілеулес болыңыз! Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа, сүйінші сұрайтын күнге де жетерміз, – деп жазды ол.