213
Шымкентте білім бөлімінің басшысы мен 18 колледж директоры заңды өрескел бұзған
Тексеру қорытындысы бойынша 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды
Шымкент қаласының прокуратурасы білім басқармасының қызметінде бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратура техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде заңдылықтың сақталуын талдады.
Тексеру барысында мына заң бұзушылықтар анықталды:
- Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия шешімі бойынша негізсіз өзгерістер енгізілген;
- Кейбір мамандықтарға қажетті лицензиялар болмағанына қарамастан, гранттар берілген, - деп жазылған хабарламада.
Тексеру қорытындысы бойынша 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды. Олардың ішінде 18 колледж директоры мен Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы бар.
Прокуратура заң бұзушылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.