Жетісуда субсидия алуға «көмектескен» алаяқ әйел 7 жылға сотталды

/
Жетісуда субсидия алуға «көмектескен» алаяқ әйел 7 жылға сотталды
istockphoto.com
Бірнеше рет жасаған алаяқты полиция мен прокуратура қызметкерлері ұстады.

Жетісу облысында бір әйел алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2 жыл бойы өзін банк қызметкеріретінде таныстырған әйел халықтың сеніміне ие болып, оларға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға және тегін субсидиялар алуға көмегін ұсынған.

13 адам алаяқтың құрбаны болған. Оның келтірген шығыны 12 миллион теңгеден асты.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде орын алған мұндай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары