Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады

Бұл шалғайдағы аудандарды дамыту үшін маңызды қадам болмақ.

Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады
istockphoto.com
180

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі брифингте мәлім етті. 

«Марқакөл мен Алтай аудандарында жаңа екі орталық ашылып жатыр. Жол бойындағы сервисті де бір стандартқа сай келтіріп жатырмыз. Өңірдің туристік тартымдылығын арттыру үшін брендтік іс-шаралар өткізіп келеміз. Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады. Бұл шалғайдағы аудандарды дамыту үшін маңызды қадам болмақ. Өңір экономикасын дамыту үшін жалпы сомасы 2032 жылға дейін іске асырылатын 913 млрд теңгені құрайтын 40 инвестициялық жоба әзірленді. Оның ішіндегі 10 жоба биыл жүзеге асырылып, 478 жұмыс орны ашылды. 2024 жылы облыс экономикасы 6,5 пайызға артқан», – дейді Ермек Көшербаев.

Серіктес жаңалықтары