Таразда бір топ жасөспірім 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Күдіктілер 14 пен 16 жас аралығында.

Таразда бір топ жасөспірім 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: istockphoto.com
417

Жамбыл облысында бір топ жасөспірім 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші қыздың анасының айтуынша, өздерімен көрші тұратын жасөспірім балалар қызын бірнеше рет зорлап, барлығын видеоға түсіріп алған. Бұл жайтты біле сала оқушы қыздың анасы полицияға арызданған.

"5 маусымда қызымды көршілеріміз зорлағаны туралы полицияға хабарластым. Олар менің қызымнан үлкен, жасөспірімдер. Бір бала емес, бірнешеу болған. Мен өзім үшін де, қызым үшін де қорқамын. Қызымды үнемі өзім шығарып саламын, күтіп аламын”, – дейді қыздың анасы. 

Жәбірленушінің отбасы айғақтардың болғанына қарамастан тергеудің созылып жатқанына наразы. Прокурор күдіктілерді тергеу изоляторына орналастыруды сұрағанымен, сот үйқамаққа жіберу туралы шешім шығарған. 

"Жеті ай өтті, іс әлі сотқа жеткен жоқ. Полиция күтіңіздер дейді. Бізде сараптамалар, дәлелдер, тіпті видеолар да бар, бірақ күдіктілер әлі ұсталған жоқ. Мен президенттен бізді қорғауын сұраймын", – дейді әйел. 

Жәбірленушінің отбасы өз мүдделерін қорғау үшін адвокатты тек тергеудің соңына қарай жалдай алған. Әйел бастапқыда берілген мемлекеттік адвокатқа сенбегенін айтады. 

"Тергеуші тергеудің аяқталғанын хабарлады. Қазір іс танысу сатысында. Содан кейін ол прокуратураға зерттеуге беріледі", – дейді отбасының адвокаты Әлия Арзымбетова.

Полиция аталмыш істің "кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамдар жасаған зорлау әрекеті" санатына жатқызылғанын мәлімдеді. Бұл ауыр қылмыстар қатарынан жатады және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Жәбірленушінің анасы іс жақын арада сотқа жеткізіліп, кінәлілер жазасын алады деп үміттенетінін атап өтті. 

 

 

Серіктес жаңалықтары