«Қазақтелеком» филиал басшысының тергеуіне қатысты мәлімдеме жасады
Сотқа дейінгі тергеудің басталуына компанияның өзі бастамашы болғанын мәлімдеді
«Қазақтелеком» филиалы - Сервистік фабриканың бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталуына компания өзі мұрындық болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққақарсы қызмет департаменті «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Сервистік фабриканың бұрынғы бас директоры А. Карамановқа қатысты ҚР ҚК 361-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеужүргізуде, ол филиалдың бұрынғы қызметкерлерінің көмегімен «Қазақтелеком» АҚ-ның Тараз қаласындағы әкімшілік ғимарат түріндегі жылжымайтын мүлкін сату арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды. Нысан құны әдейі төмендетіліп, 185 504 000 теңгеге сатылған, осылайша мемлекетке 468 473 464 теңге сомасында залал келтірілді, делінген компания таратқан хабарламада.
«Қазақтелеком» АҚ осы сотқа дейінгі тергеудің бастамашысы болып, 2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ қаржылық бақылау департаментінің ішкі тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолдағанын атап өтті.
Нәтижесінде жылжымайтын мүлік нысандарын иеліктен шығару тәртібін және «Қазақтелеком» АҚ мен Сервистік фабриканың өкімдік актілерінің талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды. Айта кету керек, қазіргі уақытта«Қазақтелеком» АҚ-да бұрын сатылған кейбір жылжымайтын мүлік нысандарын, оның ішінде құқық қорғау органдары арқылы қайтаруға бағытталған шаралар қабылдануда, деп қосты компанияда.