Алматыда кафе күзетшілері келушіні аяусыз ұрып-соққан

Полиция қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде келушіні аяусыз ұрып-соққан екі күзетшіні ұстады

Алматыда кафе күзетшілері келушіні аяусыз ұрып-соққан
Видеодан алынған кадр
183

Алматыдағы кафенің күзетшілері келушіні аяусыз ұрып-соққан. Оқиға қаланың Алмалы ауданында болған. Желіде оқиғаның видеосы тарады.

Белгілі болғандай, 40 жастағы ауыр жарақат алған ер адам қаланың ауруханаларының біріне жеткізілген.

Полиция қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде келушіні аяусыз ұрып-соққан екі күзетшіні ұстады.

“Бұзақылық фактісі бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленуші достарымен болған кафенің екі күзетшісінің кінәсі анықталды. Белгілі болғандай, күзетшілер келушілердің отырыс уақытын сәл ұзартуды сұрағанына өте агрессивті түрде жауап қайтарған. Сонымен қатар мекеме қызметкерлері жәбірленуші ер адамға араша түспек болған адамдардың әрекетіне мән бермеген. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды,” – деп хабарлады Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Серіктес жаңалықтары