бейсенбі, 3 сәуір, 2025

Белградта Қазақстан мен Сербия Қорғаныс министрлерінің келіссөздері өтті

/
Қорғаныс министрлігі
Келіссөздер нәтижелері бойынша қорғаныс саласындағы екіжақты келісімге және 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың серб әріптесі Братислав Гашичпен ресми кездесуі барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бағдарлама аясында қазақстандық делегация Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмелерімен танысты.

Келіссөздер нәтижелері бойынша қорғаныс саласындағы екіжақты келісімге және 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Бөлісу: