БҚО-да полицей дәрігерді ұрып өлтірді

Күдікті ММА спортымен айналысады екен

БҚО-да полицей дәрігерді ұрып өлтірді
Фото: Halyq Uni
520

Батыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Ал полиция департаменті оның ішкі істер органдарынан бұл оқиғаға дейін теріс қылығы үшін шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазір үстінен адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалған күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Ауылдастарының айтуынша, ММА спортымен айналысатын сақшы ауыл дәрігерімен ерегесіп қалған. Кейін оны бір ұрып сұлатып түсірген.

Ауыр соққы алған дәрігер ауруханада көз жұмды.

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданындағы орталық ауруханаға ес-түссіз азамат жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - деді БҚО прокурорының аға көмекшісі Динара Нұрсұлтанова.

Серіктес жаңалықтары