18 миллионыншы қазақстандық қашан дүниеге келеді?

18 миллионыншы қазақстандық қашан дүниеге келеді?

18 миллионыншы қазақстандық қашан дүниеге келеді?
ашық дереккөзі

2017 жылдың сәуір айында еліміздегі халық саны 18 миллионға жетеді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева өзінің Facebook-тағы парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ. 

Оның сөзіне сенсек, ресми статистикаға сәйкес Қазақстан халқының саны 1-ші ақпан айында шамамен 17 945,3 мың адамға жеткен. Соның ішінде: қалалық - 10 305,7 мың адам (57,4%); ауылдық – 7 639,6 мың адам (42,6%); ер адамдар саны - 48,4%; әйел адамдар саны – 51,6%-ды құрайды. Ал сәуір айында 18 миллионыншы қазақстандық дүниеге келеді деп күтілуде.
2016 жылдың 1-ші ақпанындағы халық санының көрсеткішімен салыстырғанда тұрғындар саны 231,5 мың адамға артқан, яғни 1,3%-ға. Сондай-ақ, Ибраева бұл ресми статистикалық деректер азаматтық жағдай актісі жазбаларына негізделгенін атап өткен.