530
Қызылордада жанармай құю бекеті өртенді
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жанармай құю бекеті өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, газ-ауа қоспасының тұтануы кейіннен жануына әкеліп, жалын жақын орналасқан 2 қабатты ғимаратқа көшкен.
Өрт сөндірушілер жақын жерде тұрған бензині бар 20 тонналық резервуарды жоғары температурадан жарылуының алдын алу үшін сумен салқындата отырып, 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Оқиға салдарынан 1991 жылы туған ЖМҚС қызметкері ауырлығы орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.