Доллар 507 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін - Қаржыгерлер қауымдастығы

Өзгерістерге алдағы уақытта да дайын болу керек

Доллар 507 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін - Қаржыгерлер қауымдастығы
istockphoto.com
350

Келесі жылы доллар 507 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл – сарапшылардың болжамы. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы өзгерістің болмайтынын айтқан еді. Кейбір экономистер оның сөзін қолдап, 460 теңгеден әрі аспайтынын меңзеді. Алайда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы өз зерттеулерін ұсынып отыр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Айлық инфляцияның 2 еседен аса жеделдеуі және оның өзгеруінің жоғары амплитудасы базалық мөлшерлеменің төмендеу циклінің қайта басталуына кедергі келтіреді. Қаржы нарығы сарапшыларының көпшілігі алдағы 29 қарашадағы Ұлттық банк отырысында мөлшерлеме 14,25% деңгейінде сақталуы мүмкін деп санайды. Қалған бөлігі мөлшерлеме 14,0%-ға дейін төмендейді деп есептейді, - делінген Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы талдау орталығының мәлімдемесінде.

Бүгінде биткоинның да құны көтерілген. Цифрлық валюта кейінгі тәулікте 5 пайыз өсіп, 80 мың доллардан асты. Апталық өсім 18%-ға тең. Сарапшылардың айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш.

Биткоин мен долларда өсім болса, Йемен риалы күрт төмендеді. Жалпы, әлемде экономикалық тұрақсыздық бар. Жақын арада бәрі өзгеруі мүмкін. Валютадағы өзгеріс экономикаға әсер етпей қоймайды. Менің ойымша, бәрі осымен тоқтайды деу қиын. Өзгерістерге алдағы уақытта да дайын болу керек, - деді экономист Тарик Әл-Сафа.

Серіктес жаңалықтары