Синоптиктер 11 қарашада 16 өңірге ескерту жариялады

Астанада кей уақытта жаяу бұрқасын жүреді

Синоптиктер 11 қарашада 16 өңірге ескерту жариялады
istockphoto.com
218

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 қарашада еліміздің 16 өңіріне ескерту жариялады. Мамандар 7 өңірде қарлы боран болатынын болжап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысына, солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с-ке дейін жетеді. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Көкшетауға түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Астанада кей уақытта жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысына, солтүстігіне тұман түседі. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Семейде жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Өскеменде де жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Қостанайда түнде көктайғақ болады деп күтіледі.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Павлодарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні – 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының батысына, солтүстігіне, орталығына тұман түседі деп күтіледі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарына тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с-ке дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігіне, оңтүстігіне, таулы аудандарына тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Таразда тұман болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-ке дейін жетеді. 

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары