Павлодар облысында қайғылы жағдай болды

Ниссан автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды

Павлодар облысында қайғылы жағдай болды
istockphoto.com
288

«Қызылорда – Павлодар» автожолында қатты жылдамдықпен келе жатқан «Ниссан Кашкай» автокөлігі көмір тиелген КамАЗ-дың тіркемесіне соғылған. Оқиға салдарынан жеңіл машинадағы жолаушы әйел көз жұмды.

Ақсу қаласы Қалқаман ауылының маңындағы «Қызылорда – Павлодар» автожолында «Ниссан Кашкай» маркалы автокөлігі сағатына 160 км жылдамдықпен келе жатып, көмір тиелген «КамАЗ» тіркемесіне соғылған.

- Жол - көлік оқиғасы салдарынан Ниссан автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен жас бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Абырой болғанда көлік салонындағы балада арнайы ұстау құрылғысы болып, аман қалған. Жол жүру ережелеріне сәйкес, 7 жасқа дейінгі балалар көлік жүргізу кезінде автомобиль салонында тек автокреслода немесе автолюлькада (сәбилер үшін) болуы керек. Мұндай құрылғылардың негізгі мақсаты-баланы сапар кезінде және соқтығысу кезінде қорғау. Балаларды ересектердің қолында тасымалдауға тыйым салынады. Апат болған жағдайда баланың салмағы едәуір артады және статистика көрсеткендей, оны қолында ұстау өте қиын. Бұл жарақатқа әкелуі мүмкін,-деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Облыста жыл басынан бері белгіленген жылдамдық режимін бұзғаны үшін 54,5 мың жүргізуші жазаланған. 100-ден астам жүргізуші балаларды ұстау құрылғысын пайдаланбағаны үшін жауапқа тартылды.

Еске сала кетейік, тағы 6 өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Серіктес жаңалықтары