231
Египетте қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады
Оқиғаның себептері анықталып жатыр
Египетте ТМД туристері мінген автобус аударылды.
Kazinform мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті. Олардың көпшілігі Ресей мен Украинадан келген туристер.
«Зардап шеккендердің 31-і — Ресей мен Украинадан, үшеуі — Қазақстаннан, үшеуі — Әзербайжаннан, тағы төртеуі мысырлық екені анықталды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Болған жайтқа қатысты тиісті хаттама жасалды. Сондай-ақ, қажетті шаралар қабылданды», — деп жазады басылым.
Апат Суэц шығанағының жағасындағы Рас-Сидр қаласының маңында болғаны белгілі.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.