356
Тараздағы 2 адамның өлімі: күдікті ұсталды
Айта кетейік, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйел өлі табылған болатын
Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды.
Tengrinews.kz мәліметінше, жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын ол сотталмаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Қайғылы оқиғалар болған жалдамалы тұрғын үйдің иесі жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияға көршілерден бұл пәтерге қатысты шағым түскен жоқ", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйел өлі табылған болатын.