333
Енді дәрігерлердің кабинетіне камера қойылады
Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов емханаларда камера қойылатынын мәлімдеді.
Face ID арқылы пациенттердің тіркейтін веб-камералар Қазақстан емханаларында 2025 жылы пайда болмақ, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ербол Оспанов Face ID — Денсаулық сақтау министрлігінің өз әзірлемесі екенін және оған мемлекет қаражаты кетпегенін айтты.
«Медицина мекемелері пациенттерді сәйкестендіру үшін веб-камералар сатып алуға міндеттеледі. Камералар 3-4 мың теңге тұрады. Қымбаты 15 мың теңге. Біз құны 4 мың теңгедей тұратын камераны тексеріп көрдік, олар жақсы жұмыс істейді», - деді вице-министр.