Елордада «Бағаналы орда – Астана» атты командалық айтыс өтеді
Қазылар алқасының төрағасы, «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.
Астана қаласының әкімдігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп, «Аманат» партиясының қолдауымен 2024 жылдың 8 қарашасы күні Астана қаласы мен Алматы қаласының командалары арасында «Бағаналы орда - Астана» атты командалық айтыс өткізеді. Айтысқа «Атын домбыра» иегері Еркебұлан Қайназар, танымал ақындар Иран-Ғайып Күзембаев, Қазірет Бердіхан, Шұғайып Сезімхан, Нұрзат Қару, т.б. және ұлттық ән-жыр мен күй өнерінің көрнекті өкілдері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұржан Жанпейісов, Елмұра Жаңаберген, Клара Төленбаева, Ерболат Шалдыбеков, т.б. дүлдүл өнерпаздар қатысады.
Айтыстың мақсаты:
• Республика күні мен Тәуелсіздік күні мерекелірінің маңызын, ҚР мемлекетік рәміздерін, Астана қаласы мен Алматы қаласының, еліміздің басқа өңірлерінің жетістіктерін, ұлттық құндылықтардымызды ақындық өнер арқылы халыққа насихаттау;
• Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу;
• «Әділетті қоғам», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» ұлттық жобаларының маңызын халыққа кеңінен иарату;
• Ұлттық өнер өкілдерінің шығармашылық дамуына жағдай жасау;
• Өңірлердегі шығармашылық өкілдерінің байланысын нығайту.
Қазылар алқасының төрағасы, «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман. Айтыстың жүргізушісі, ақын, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай.
Басталуы: 2024 жылдың 8 қарашасы, сағат 15:00
Өтетін орны: Е.Рахмадиев атындағы Астана қаласы филармониясының концерт залы (Кенесары, 32).
Қосымша ақпарат үшін - + 7 775 331 00 66 Айтуған
+ 7 747 376 74 29 - Алтынай