Димаш Құдайберген Елисей сарайында өнер көрсетті (ВИДЕО)
4-5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Париж іс-сапары Қазақстан делегациясының құрамында дипломатиялық, іскерлік, ғылыми, шығармашылық және спорт салаларының көрнекті өкілдері болды.
4 қарашада Димаш Құдайберген қазақстандық делегацияның құрамында әйгілі Гиме мұражайында өткен «Қазақстан: Ұлы дала қазынасы» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады turkystan.kz.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорындағы Қазақстан тарихының түйінді кезеңдерін көрсететін 35 сирек жәдігер қойылды.
5 қарашада Елисей сарайында Франция президенті Эммануюэль Макронның атынан мемлекеттік қабылдау өтті. Салтанатты шараға Франция Үкіметінің мүшелері, танымал саясаткерлер, іскери, ғылыми және дипломатиялық топтардың өкілдері, сондай-ақ екі елдің танымал мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.
Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайберген кеш қонағы ретінде, талғампаз көрерменнің сұрауы бойынша өзінің репертуарындағы белгілі «SOS d’un terrien en détresse» композициясын француз тілінде орындаса, қазақ тілінде қазақтың халық әні «Дайдидауды» шырқады.