Ақмола облысында жолаушы таксистің көлігін ұрлап кетті

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Ақмола облысында жолаушы таксистің көлігін ұрлап кетті
фото: ПД
201

4 қараша күні шамамен таңғы 10:00-де Акмола облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Екатеринбург–Алматы тасжолының 1071-шақырымында жол қозғалысын бақылап тұрған кезде, Toyota Camry маркалы автокөлікті байқады. Көлік күтпеген жерден жылдамдығын бәсеңдетіп, екі жолаушысын түсірген соң, қарама-қарсы бағытқа бұрылып кетуге әрекет жасады. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің назарына ілікті, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері көлікті тексеруді ұйғарды. Алайда тоқтау талабына жүргізуші бағынбай, жолда жүруін жалғастырды. Алайда жүргізуші 1066-шақырымға келгенде, рөлді басқара алмай, жыраға түсіп кетті.

«Тексеру барысында Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жеке тасымалмен айналысатыны анықталды. Оқиға күні Атбасар қаласынан Астанаға қарай екі жолаушы алып шыққан. Жолда жолаушылардың бірі тоқтауды сұраған. Жүргізуші тоқтап, жолаушының артынан өзі де шыққан. Ал осы сәтте екінші жолаушы мүмкіндікті пайдаланып, жүргізушінің орындығынаа отырып, көлікті ұрлап кеткен. Ұрлық жасаған жолаушы ұсталып, патрульдік полицияның көмегімен тергеу тобына тапсырылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары