Атыраудан шыққан FlyArystan ұшағы Ақтауға екі рет қона алмады

Авиакомпания өкілдеріне жүгінген жолаушыларға сусындар, ыстық тамақ және қонақ үйден бөлме ұсынылды

Атыраудан шыққан FlyArystan ұшағы Ақтауға екі рет қона алмады
vlast.kz
317

"Атырау-Ақтау" бағытына қатынайтын ұшақ Маңғыстау облысының орталық әуежайына екі рет қона алмай, кері оралды.

Ulysmedia.kz мәліметінше, FlyArystan әуе компаниясының Атырау-Ақтау бағытындағы KC7277 рейсін ауа райына байланысты кейінге қалдырғаны белгілі болды.

Рейс 2 қараша күні сағат 21:50-де ұшып шыққан, бірақ ұшақ қона алмады.

Екінші рейс 2024 жылғы 3 қарашада сағат 06:50-де орындалды, бірақ Ақтаудағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшақ тағы да Атырауға қайта оралды.

Авиакомпания өкілдеріне жүгінген жолаушыларға сусындар, ыстық тамақ және қонақ үйден бөлме ұсынылды. Сондай-ақ олар билет ақысын толық қайтару немесе тегін қайта брон жасау мүмкіндігіне ие болды.

Серіктес жаңалықтары