538
Жастар арасындағы әлем чемпионаты: 7 боксшымыз финалға шықты
Қазақстанның жастар құрамасының жеті өкілі Черногорияның Будва қаласында өтетін әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі.
Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Елянур Турганова (50 кг), Ұлдана Таубай (66 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) финалға өтті.
Ал, Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92 кг жоғары) Әнел Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейітханқызы (81 кг жоғары) чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.