Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді

ҰҚК мәліметінше, судья пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді
istockphoto.com
215

Алматыда әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпаратты растады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде 22 қазанда Алматыда «пара алу кезінде әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы ұсталды» деген ақпарат тараған болатын.

ҰҚК мәліметінше, судья пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

«ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 («Пара алу») және 190 («Алаяқтық») баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз», - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары