Бүгін облыстарда ауа-райы қандай болады?

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды.

Бүгін облыстарда ауа-райы қандай болады?
istockphoto.com
Автор
Админ
239

Астана қ. 28 қазанда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

28 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

28 қазанда Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Алматы қ.: 28 қазанда кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Кешкі уақытта тұман. Қонаев қ.: 28 қазанда батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

28 қазанда Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

28 қазанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ. 28 қазанда түнде және таңертең қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 28 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

28 қазанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-29 қазанда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 28-29 қазанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 28 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 29 қазанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 28-29 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 28 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 қазанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: 28 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

28 қазанда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазған қ.: 28 қазанда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

28 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ. 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

28 қазанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Семей қ.: 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

28 қазанда түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 28 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

28 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 28 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

28 қазанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Қостанай қ.: 28 қазанда тұман күтіледі.

28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 28 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары