192
Алматыда есірткі таратқан telegram канал бұғатталды
Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамалап, тарататын 16 телеграм-арнаны бұғаттады.
Тексеру барысында қатысушыларға тыйымсалынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар «закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды.
Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.
Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткіқұралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрітергеу үшін полицияға жолдады.
Алматы қаласының прокуратурасы жедел бұғаттау үшін азаматтарды осындай интернет-ресурстар анықталған жағдайда хабар беруді сұрайды.