376
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті
Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады.
Ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін көрші елдің құқық қорғаушыларымен халықаралық іздеу жарияланған. Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды, - делінген хабарламада.
Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.