Ақтау әуежайына қатысты тергеу жұмыстары басталды

Алайда әуежай монополияға қарсы ведомствоның уәжімен келіспейтінін мәлімдеді.

Ақтау әуежайына қатысты тергеу жұмыстары басталды
istockphoto.com
219

Монополиялық тексеру жұмыстарына авиациялық жанармайды сақтауға арналған цистерналарды жалға беру қызметіне жоғары баға қою себеп болған.

Маңғыстау облысындағы бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті «Ақтау халықаралық әуежайына» қатысты тергеуді қайта бастады.

«Авиаотынды сақтау ерекше тауар нарығына жатады. Әуежайда қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, әуекомпаниялар тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін авиаотынның сақталуын әуежайдың өзі қамтамасыз етуі керек. Алайда оның орнына әуежай заңнамада көзделген тікелей міндеттемесінен өзін-өзі шеттетіп, резервуарды тиісті тауар нарығындағы ең жоғары бағамен әуекомпанияларға жалға берген», – делінген хабарламада.

Алайда әуежай монополияға қарсы ведомствоның уәжімен келіспейтінін мәлімдеді.

«Әуежай монополияға қарсы органның тексеру жүргізу туралы бұйрығын заңсыз деп тану және күшін жою жөнінде сотқа талап арыз түсірген. Ұзаққа созылған (1 жыл 3 ай) сот нәтижесінде Жоғарғы соттың қаулысымен талапкердің шағымы қанағаттандырылмады», – деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары