211
Алматыда Қытай азаматынан 50 қорап ақбөкен мүйізі тәркіленді
Ол мүйізді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған.
Алматыда криминалдық полицияның «Киберпол» қызметкерлері Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы ҚХР-ның азаматын ұстады.
Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді.
Ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған.
Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталуда», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.