Қазақстандықтар үшінші тоқсанда жарты тонна алтын сатып алған

Қазақстандықтар үшінші тоқсанда жалпы салмағы 475,5 келіні құрайтын 14 000 алтын құйма сатып алған.

Қазақстандықтар үшінші тоқсанда жарты тонна алтын сатып алған
Автор
Админ
297

Алтын құймаларды сату бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама басталғалы бері 199 135 алтын құйма сатылған. Олардың жалпы салмағы7,4 тонна.

«Алтын құймалардың бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Халықтың ең жиі сатып алатыны 10 грамдық құймалар», - дейді Ұлттық банк.

Үшінші тоқсанда алтын құймаларды ең көп сатып алған қалалар қатарында Алматы (8 101 дана, 58 пайыз), Шымкент (1 279 дана, 9 пайыз), Астана (1 243 дана, 9 пайыз) бар.

Алтын құймалар – сенімді инвестиция құралы. Сатып алған алтын құйманы ақша қажет кезде екінші деңгейлі банктерге апарып, қайтадан сата аласыз. Бағдарлама басталғалы бері халық 41 058 алтын құйманы (жалпы салмағы 1,1 тонна) кері сатқан. Бұл сатылған алтын құймалардың 21 пайызын құрайды.

Серіктес жаңалықтары