Төрт адамның өліміне себепкер болған: жүргізуші 5 жылға сотталды

Ол сотта өзінің кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады

Төрт адамның өліміне себепкер болған: жүргізуші 5 жылға сотталды
istockphoto.com
324

Ақтөбе мен Орск арасында жолаушы тасымалдаған 37 жастағы такси жүргізушісі төрт адамның өліміне себепкер болған жол-көлік апаты үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, 5 маусым күні «Toyota Alphard» автокөлігін басқарған жүргізуші алты жолаушыны алып, Ресейге бет алған. Жолда оны полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтауға қатысты профилактикалық әңгіме жүргізген. Алайда ауыл маңында көлік аударылып кетіп, апат салдарынан төрт әйел қаза тапты. Екі жолаушы мен жүргізуші аман қалды.

Жүргізушінің жоғары жылдамдықпен көлік басқарғаны және рөлге ие бола алмағаны анықталды. Ол сотта өзінің кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады.

Сот таксистке 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары