Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды
egemen.kz
307

12 қазанда сағат 19:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1426 шақырымы аралығындағы Астана-Теміртау бағытында сондай-ақ  «Қызылорда-Павлодар», «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлады ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

12 қазанда сағат 19:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 967-1135 шақырымында (Қарағанды қ. — Павлодар облысының шекарасы) және «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 17-217 шақырымында (Қарағанды қ. — Қарқаралы қ.) автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды облысында «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1135-1206 шақырым аралығындағы Қарағанды облысынан Шидерті ауылының шекарасына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Серіктес жаңалықтары