Танымал әнші Рамазан Елібаев өмірден өтті

Өнер қайраткерінің қазасы туралы хабарды балалары жариялады

Танымал әнші Рамазан Елібаев өмірден өтті
Видеодан алынған кадр
955

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев дүниеден өтті.

Өнер қайраткерінің қазасы туралы хабарды балалары жариялады.

Марқұмның жаназасы 13 қазан күні Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте шығарылады.

Рамазан Елібаев 1947 жылы дүниеге келген. Ол — белгілі қазақ әншісі және композиторы, «Нұрекем», «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пая» әндерінің авторы және орындаушысы.

Серіктес жаңалықтары