Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

12 қазанда ауа райы қандай болады?

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
istockphoto.com
420

«Қазгидромет» 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр түрінде, кей уақыттарда қатты жаңбыр, солтүстік бөлектерінде қар, кей уақыттарда қаттыр қар жауады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

Павлодар облысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Серіктес жаңалықтары