1360
Алматыда фельдшер ессіз жатқан әйелге өрескел әрекет жасаған
Қазір фельдшер жұмыстан босатылған
Алматы қаласында жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейтін фельдшер жедел жәрдем көлігінде ессіз жатқан науқастың алтын алқасын шешіп алып, ломбарқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйелдің мойнындағы алтын алқаның құны 1,5 млн теңге тұратын болған.
Анасының мойнындағы зергерлік бұйымның жоқтығын байқаған ұлы бейнежазба арқылы ұлықты анықтап, полицияға арыз түсірген.
Оқиға барысында науқас ессіз күйде болған, ал фельдшер алқаны шешіп, кейін оны ломбардқа өткізген. Қазіргі таңда фельдшер жұмыстан босатылып, тиісті шаралар қабылдануда.