«Несие алғызып, содан кейін өлтіріп тастаған»: 18 жастағы бойжеткенді өлтіргендерге үкім шықты

Жантүршігерлік қылмыс биыл наурыз айында болған.

«Несие алғызып, содан кейін өлтіріп тастаған»: 18 жастағы бойжеткенді өлтіргендерге үкім шықты
nemolchikz_official
Автор
Админ
777

6 наурыз күні күдікті екі жігіт ортақ таныстары арқылы жәбірленуші қызбен танысқан, деп жазады turkystan.kz.

Ортақ таныстары олардан қызға тұратын жер тауып беруді сұраған. Олар Алматыда пәтер жалдаған.

Бір күн бірге тұрғаннан кейін, келесі күні жалға алған пәтердің ақысын төлейтін ақшалары таусылған. Сотталушы К жәбірленушіні «iPhone13 Pro» телефонын комиссиялық дүкенге өткізуге көндірген. Телефонды кейін қайта алып беруге уәде берген.

Алған ақша тез таусылған соң күдікті жігіттер марқұм қызды 435 мың теңге несие алуға көндірген. 12 наурызда олар телефонды қайта сатып алып, 240 мың теңгеге сатып жіберген. Бірақ бұл туралы марқұмға айтпаған.

Марқұм бірнеше рет телефонын қайтаруды сұраған. Бірақ жігіттер телефонды қайтармас үшін, несиесін төлемес үшін, қыздан құтылуды жөн көрген.

«15 наурыз күні түнде сотталушылар жәбірленушіні үйіне апарамыз деп, бәрі бірге жолға шыққан. Түнгі сағат 02:00 шамасында Қонаев – Қазақстан автожолының 36-шы шақырымына жеткенде далаға бұрылған. Сотталушылар кезекпен-кезек марқұмды таяқпен ұрып, бензин құйып, өртеп жібермек болған. Содан кейін оқиға орнынан кетіп қалған», - деді сот отырысында.

18 жастағы студент алған жарақаттан сол жерде жан тәсілім еткен.

Сот екі жігітті 17 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

 

Серіктес жаңалықтары