299
Ерейментау ауданында мұғалімдердің жалақысы себепсіз кешіктірілген
Прокурор жедел шаралар қабылдап, берешек келесі күні-ақ өтелді
Ақмола облысы прокуратурасының іске араласуынан соң Ерейментау ауданында мұғалімдердің жалақы бойынша берешегі өтелді.
Ерейментау ауданының прокуроры Үленті ауылдық округіне барып, жеке қабылдауда мектеп директорының орынбасары мұғалімдерге жалақы төлеуді кешіктіру мәселесі бойынша шағым айтты.
Аудан прокуроры жедел шаралар қабылдап, келесі күні жалпы сомасы 8 млн теңгегеден астам жалақы бойынша берешек өтелді.