300
Рудныйда төрт адам диірмен бункерінде көз жұмды
Олар төмен түсіп, бірақ қайтып шықпаған.
6 қазан күні Рудный қаласында төрт жұмысшы диірмен бункерін тазалап жатып қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар бидай қабылдау үшін 5 метр тереңдіктегі бункерге түсіп, қайтып көтерілмеген.
Оқиға орнына құтқарушылар, жедел жәрдем мен полиция шақырылған.
«Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерден алып шықты. Медицина мамандары олардың көз жұмғанын анықтады», - деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.