Кінәлілердің кім екенін айтқан адамға сыйақы да тағайындалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жануарлар орталығының (приют) өкілі видео үндеу түсіріп, иттерді улаған адамдарды іздеп жатқандарын хабарлады. Оқиға 5-6 қазан күндері болған.
«Бұл сұмдық қылмысты істеген адам аумақтағы барлық видеобақылау камераларының қайда орналасқанын білген. Иттердің жаны азапқа түсіп өлген, ауыздарынан қан мен көбік ағып жатыр. Кінәлілерді табуға көмектесулеріңізді сұраймын», - дейді ерікті Анастасия Серікқызы.